Қазақстанның алдында 37-ші орынға Кипр мемлекеті, ал 39-шы орынға Латвия мемлекеті орын тепкен. Ресей болса аталған көрсеткіш бойынша 50-ші орынға тұрақтады. 2014 жылғы ДЭФ рейтингісінде Финляндия, Сингапур, Швеция мемлекеттері көш бастап тұр. Айта кетейік, желілік дайындық индексі елдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) даму деңгейіне байланысты анықталады және бірнеше көрсеткіштерден құралады. Осы көрсеткіштерге келер болсақ, Қазақстан ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша 3-ші орынды иеленсе, кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділік бойынша 8-ші орында. Ал, ұялы байланыс тарифының көрсеткіші жөнінен 17-ші орынды иеленіп отыр.