АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда e-freight жүк авиатасымалдары саласындағы қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2016 жылғы желтоқсанда e-freight мемлекеттік-жекешелік жобасы басталды. Биыл 14 маусымда жеке инвестормен мемлекеттік-жекешелік шартына қол қойылды. 2018 жылдың желтоқсан айында ақпараттық жүйені енгізу жоспарлануда. Осы ақпараттық жүйенің енгізілуіне байланысты жүк тиеу уақыты 1-ші күннен бастап 1 сағатқа қысқарады»,- деді министр.
Айта кетейік, e-Freight - Жүк әуе тасымалдарын қағазсыз рәсімдеу және оларды сүймелдеудің халықаралық стандарты.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.