Еске салайық, жиында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қойнауын пайдалану мәселелері мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланған болатын.
Министрдің сөзіне қарағанда, заң жобасы жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысында кездесетін кедергілерді жойып, саланың ұлттық базасын жетілдіруге, халықаралық стандарттарға өтуге және инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған.
«Қазіргі таңда геология саласын мемлекеттік реттеу жағынан Қазақстан 112 елдің арасында 87-і орында болса, ал жер қойнауының геологиялық тартымдылығы жағынан 31 орында. Ал заң жобасындағы өзгерістердің қажеттілігі әлемде болып жатқан дағдарыстан инвесторлар үшін басталған күрестен туындап отыр. Шикізаттың ұзақ мерзімді тасымалының тұрақтылығы, геология саласындағы жұмыстар мен рәсімдердің ашықтығы - бүгінгі заманның талабы»,- деді Әсет Исекешев.
Оның айтуынша, заң жобасын әзірлеу барысында австралиялық үлгі назарға алынған. «Мұндай шешім бір жарым жылдық зерттеу жұмыстары мен Дүниежүзілік банктің ұсынысы нәтижесінде қабылданды. Сонымен қатар, бүкіл әлем бойынша австралиялық үлгі үздік деп саналады әрі бұл инвесторлардың да берген бағасы», - деді министр.