Қазақстан жеріндегі ислам мен православия діндерінің көп жылдық берік достығы қазақстандықтардың рухани байлығында маңызды рөл атқарады - Бас Мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы және Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Астана және Қазақтан митрополиті Александр мен православ дінін ұстанушы барлық отандастарын Рождество мерекесімен құттықтады.

Құттықтауда: «Құрметті митрополит Александр, Сізді және православ дінін ұстанушы барлық отандастарымды Рождество мерекесімен қттықтаймын!», - делінген.

«Бұл мереке адамдар жүрегіне жақсылық пен қайырымдылық ұялатады.

Қазақстан жеріндегі ислам мен православия діндері арасындағы көп жылдық берік достық қазақстандықтардың рухани өмірінде, патриоттықты тәрбилеуде, азаматтардың ынтымағы мен келісімінің нығайуында маңызды рөл атқарады», - делінген құттықтауда.

«Аса құрметті митрополит, Сізге және Орыс православ шіркеуіне достықты нығайтып, отандастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, жүректеріне бақыт пен қуаныш және Алла тағаламыздың байтақ елімізді жарылқауын тілеймін», - делінген құттықтауда.