Қазақстан жеріне экипаж мінген «Союз ТМА-17М» капсуласы аман-есен қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік Олег Кононенко, NASA астронавты Челл Линдгрен және жапониялық Кимия Юи болған "Союз ТМА-17М" ғарыш кемесінің Жерге түсуге арналған аппараты қазақ даласына аман-сау қонды. Бұл туралы ТАСС Ұшуларды басқару орталығына сілтеме жасап хабарлады.

"Союз ТМА-17М" ғарыш кемесі ХҒС құрамында ағымдағы жылдың шілдесінен бері болған.

"Союза ТМА-17М" оралған соң ХҒС-да ресейліктер Михаил Корниенко мен Сергей Волков, сонымен қатар NASA астронавты Скотт Келли қалады. Соңғысы Жерге оралғанға дейін, 2016 жылдың наурызына дейін, ХҒС командирі болмақ.

Жаңа экспедиция "Союз ТМА-19М" кемесімен 15 желтоқсанда аттанады деп көзделген. Экипаж құрамына ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко, NASA астронавты Тимоти Копра мен еуропалық Тимоти Пик (Ұлыбритания) кіреді.