Қазақстан ЖИ енгізуге дайындық рейтингісінде 76 орында – Мәжіліс төрағасы

Фото: Мәжіліс

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан жасанды инттелектіні жаппай енгізу дайындығы туралы рейтингте 188 елдің арасында 76 орында тұр. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осы мәселеге арналған парламенттік тыңдауда айтты.

- Атқарылған жұмыстың бәрі жемісін беріп, Қазақстанды Орталық Азиядағы ең озық цифрлы елге айналдырды. Британиялық Oxford Insight компаниясының елдердің жасанды интеллектіні енгізуге дайындығы рейтингісінде Қазақстан 188 мемлекеттің ішінде 76 орынды иеленуі бұған айқын дәлел, - деді спикер.

Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа логотипін таныстырғанын жазған едік. 

Ұлттық жасанды интеллект платформасы құрылады.

Жасанды интеллектіні міндетті түрде пайдалану керек деген қағида жоқ. Бұл туралы Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында IT сарапшы Тимур Бектұр мәлім етті.