деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Энергия жинақтау қоршаған ортаны қорғау сияқты проблемамен де тығыз байланысты. Қазір БҰҰ ғаламшардың ғаламдық жылынуы мәселесіне байланысты парникті газ шығаруды азайтуды қарап жатыр. Қазақстанда оның 80 пайызы энергетикада», дейді БҰҰ Даму бағдарламасы Ғаламдық экологиялық қоры жобасының энергетикалық тиімділік жөніндегі менеджері Александр Белый. Оның айтуынша, ғаламдық климаттың жылынуын баяулатуда энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың маңызы өте жоғары. Қазақстанда қазір жылу энергиясын өндіруде техникалық тозу 60 пайызды құрап отыр. Жылу энергиясын беру жылу желісінің 60 пайыздан астамы 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп тұр. Ал оның 18 пайыздан астамы жедел ауыстыруды қажет етеді. Онда жылу шығыны өте жоғары.