Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоЖол - 2013» атты X халықаралық көрмесі аясында журналистерге сұхбат берген «Қазжол» ғылыми-зерттеу институтының президенті Бағдат Телтаев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, алдағы жол құрылысы кезеңінде бірқатар жаңа технологияларды қолға алу жоспарланып отыр. «Атап айтқанда, асфальт бетонының жаңа түрі қолданылады. Оны «жылы асфальт бетоны» деп атайды. Соның арқасында қажетті материалдар 5-6 пайызға үнемделеді. Себебі, ондай асфальт бетонын даярлау температурасы 20-30 пайызға төмен. Соның арқасында энергия ресурстары да 25 пайызға үнемделеді», - дейді Б.Телтаев.