«Соңғы уақытта республикалық маңыздағы автожолдарда болатын жол-көлік апаттары мен оның барысында болатын кісі өліміне қатысты жағдай оңала түсті. Осылайша, республикалық маңыздағы автожолдардағы жол-көлік оқиғаларына жүргізілген талдау 2017 жылы көлікпен байланысты оқиғалары саны 2016 жылмен салыстырғанда 2 процентке азайғандығын көрсетті. Ал жол апаттары барысында көз жұмғандар саны 14 процентке, жарақат алғандар 1 процентке кеміген»,-делінген ведомствоның хабарлаамсында.
«Жағдайды оңалту үшін дыбыс және жол бегілерін, жасанды кедергілерді орнату мен ескілерін жаңасымен алмастыру, жолүсті жүргіншілер жолын орнату сияқты шаралар жүзеге асырылуда»,-деп түсіндірді, компания өкілдері.
Бұл ретте республикалық маңыздағы жолдарда көлік құралдарының жиілігі 4 процентке өскендігін айта кету керек.