Акция аясында 21 мамыр мен 10 маусым аралығында 10 174 автокөлік құралы тексеріліп, 202 заң бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 190 құқық бұзушылық - қазақстандықтарға және 12 факті - шетелдік тасымалдаушыларға қатысты. Оларға 34,5 млн теңгеден астам айыппұл салынып, жүріп өткені үшін алым сомасы 14 млн теңгені құрады.
Акция мақсаты - ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау ережелерін бұзудың алдын алу және ескерту, сондай-ақ ауыр салмақты көліктердің жолға залал келтіруіне жол бермеу. Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтіледі.
Айта кетейік, акция басталғалы бері ахуал орталығының 7 708 088 00 80 нөмірлі Whats Аpp мессенджеріне 1 025 өтініш келіп түсті.