Қазақстан жүрекке теңдесі жоқ операция жасайтын 22 мемлекеттің қатарына енді

None
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан жүрекке теңдесі жоқ операция жасай алатын 22 мемлекеттің қатарына ендіп отыр.

«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының мәліметтеріне қарағанда, бүгінде аталмыш ұжымның құрамына кіретін «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» акционерлік қоғамы жүректің жасанды қалқаншасын имплантациялау жөніндегі операция жасайды. 2011 жылдың 13-ші желтоқсанында Heart Ware Ventricle Assist Device (VAD) деген атаумен белгілі соңғы үлгідегі құрылғымен имплантацияланды. Осылайша Қазақстан Австралия, Австрия, Бельния, Канада, Франция, Германия, Ұлыбритания, Израйль, Жапония, Швеция, Швейцария сияқты жүрекке қан айналымын ұзақ механикалық жолмен демеу тәсілі арқылы жасалатын операцияны жүзеге асырылатын мемлекеттердің қатарына енді. Аталмыш инновациялық технология, созылмалы жүрек ауруын емдеудің жалғыз жолы болып табылады. Сондай-ақ ол донор жүректі трансплантациялау тәсілін де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қан айналымын демеуші құрал сырқат адамға 5 литрге дейін қан жіберуге мүмкіндік береді. Бұл тиісті нормаға сай.

Осындай операцияны елімізге танымал хирург, Ұлттық кардиохирургиялық орталығының жетекшісі Юрий Пя Германияның Рур университетінің жетекші кардиохирург Латиф Арусоглумен бірге жасады.