Қазақстан журналистері кәсіби өмірлерінде болған қызықты естеліктер кітабын шығарды
Ұшқыр қалам иелерінің кәсіби мерекесіне орай шығарылған кітаптарда еліміздің танымал тілшілерінің кәсіби өмірбаяндарында орын алған келеңсіз әрі езу тартқызар оқиғалар, газетке немесе телерепортаждарға енбей қалған, алайда шығармашылық жол қандай болатынын, жедел ақпаратты алудың қиындықтарын ашып көрсететін эпизодтар енген.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың атап өткеніндей, басылым байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күніне арналып шығарылды.
«Аталмыш кітапта сіздер жақсы танитын журналистердің өмірінде орын алған өте қызық оқиғалар ұсынылған. Жинақты әрі қарай үзбей жариялауға болады. Егер сіздердің тағы да жаңа ойларыңыз болса, жобаны келесі жылы жасап шығару мүмкіндіктеріңіз бар», - деп атап көрсетті министр кітаптардың тұсаукесер рәсімінде.
Кітапты Қазақстанның атақты журналистері - ҚР Бас редакторлар клубының мүшелері құрастырды.