«Бүгін 87 жасында Қазақстан журналистикасының ардагері, «Вечерний Алматы» газетінің ұзақ жылдар бойы жауапты хатшысы болған Юрий Николаевич Кулибаба дүние салды», - деп хабарлады журналист Маргарита Краснер өзінің Facebook парақшасында.
Юрий Кулибаба Қытайдың Харбин қаласында дүниеге келген. Алматыда журналистика факультетін аяқтағаннан кейін «Целинный край» газетінде, кейіннен «Боевое знамя» газетінде - Ортаазиялық әскери округінің баспа органында, содан соң жаңадан ашылған «Вечерний Алматы» газетінде ақпарат және спорт бөлімінің жетекшісі ретінде қызмет етті. Ю.Кулибаба «Вечерний Алматы» газетінде хатшылықта жұмыс жасады, соның ішінде 15 жыл - жауапты хатшы қызметін абыроймен атқарды.