Қазақстан жыл басынан бері экспортқа 1 219 автомобиль жөнелтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан жыл басынан бері экспортқа 1 219 автомобиль жөнелтті. Бұл жайында Қазақстан автобизнес қауымдастығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қауымдастықақпаратына сәйкес, отандық машина жасаушылары автомобиль шығаруын еселейтүсуде. 2019 жылдың шілде айында барлық үлгідегі 4 064 көлік құралы шығарылып,автоөнеркәсіптің нарықтық үлесі сол айда 61 пайызға жеткен. Бұл жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш саналады. Жеңілавтомобиль жасаумен қатар Қостанайда Ankai мен Yutong автобустарын құрастыру да қарқын алып келеді. Бұған қоса, еліміздегі жалғыз автожасаушы –экспорттаушы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорны шілде айында Ресей нарығына 694JAC кроссоверін жөнелтті. Жалпы жыл басынан бері экспортқа 6 512 млнтеңгенің дәл осы маркадағы 1 219 көлігіжіберілген болатын.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының деректерінесәйкес, 2019 жылдың 7 айында елімізде 24 687 көлік құралы жасалды. Оның ішінде22 280 жеңіл көлік, 1 196 жүк көлігі, 754 автобус, 422 тіркеме мен жартылайтіркеме және 35 басқа да мамандандырылған техника бар.

Шілде айындаотандық машина жасаушылар шығарған өнімнің құны 26 492 млн теңгені құрады. Бұлбір ай бұрынғы нәтижеден 12,1 пайызға төмен. Дегенмен, 7 айдың жиынтықнәтижесі өткен жылдың дәл осындайкезеңіндегі көрсеткіштен 65,1 пайызға көп.