Оның атап өтуінше, шетелдік емханаларды емдеуді қажет ететін ауру түрлері күрт қысқарған. «Ертеректе біздер ол жаққа 20-дан астам ауру түрлері бойынша науқастар жіберетін едік. Қазіргі таңда 8 ауру түріне шалдыққандарды ғана жібереміз. Олар: жілік майын ауыстыру, аққан ауруынан емдеу, тамақ және кеңірдек аурулары және пластикалық ота. Сондықтан да сома ұлғайған жоқ, ал аурулар саны керісінше өсті», - деді ол.
Е.Байжүнісовтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан Оңтүстік Корея, Австрия және Ресейдің емханаларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуде.