Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті.
Бүгінгі таңда елімізге сырттан жеткізілетін электр энергиясының көлемі шамамен 1 млрд. 800 млн. кВт/сағатты құрап отырғандығын айтқан Д.Тұрғановтың мәліметтеріне қарағанда, оның 1 млрд. 250 млн. кВт-сағаты қырғыз еліне тиесілі екен.
Сонымен қатар еліміздің оңтүстік өңіріндегі мақта алқаптарын суғару үшін көрші елден электр энергиясын сатып алып отырғандығымызды айтқан вице-министр, «одан бөлек, Қырғызстан Республикасына көмек көрсету бағдарламасы аясында біз ағымдағы жылы бұл елден электр энергиясын сатып алу көлемін арттырдық», деді.