Қазақстанда 1,5 мың шетелдік жазасын өтеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 1,5 мың шетелдік жазасын өтеуде. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.


 «Қазіргі  уақытта Қазақстанда 1,5 мыңнан (1509) астам шетелдік жазасын өтеуде. Олардың басым бөлігі Өзбекстан (643) және Қырғызстан (320) азаматтары. Бізге бұл мемлекеттің азаматтарынан оларды отандарына ауыстыру туралы өтініштер көп түседі. Бұл бізге ғана емес, ең бірінші кезекте қабылдаушы тарапқа да байланысты жайт», - деді ол.

И.Меркельдің атап өтуінше, барлық өтініштерге байланысты еліміздің Бас прокуратурасы сол елдегі әріптестеріне азаматтарын отандарына қайтаруға дайын екендігі туралы хат жіберіледі. Бірақ, ол тараптан оң жауап алу өте сирек.

«Соңғы жылдары Қырғызстанға жазасын өтеп жатқан 318 сотталушының тек 26-сы ғана ауыстырылса, ал Өзбекстанға тіпті бірде-бір азаматы қайтарылмады», - деді ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары.