Қазақстанда 1 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 1 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Сағат 08.30-да Назарбаев университетінің Медицина мектебінде Республикалық диагностикалық орталық пен Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығының 10 жылдығына арналған «Академиялық медициналық орталық. Трансформацияның сын-тегеуріндері және даму перспективалары» халықаралық конференциясы өтеді.  

Сағат 09.45-те «Park Inn by Radisson Astana» қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығына арналған «Сайлаудағы заманауи технологиялардың рөлі: стандарттарды жетілдіру, қоғамдық сенім» атты халықаралық конференциясы басталады.

Сағат 10.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде «Үздік мектеп музейі» республикалық байқауының ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 10.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі «Зерттеу» институтымен бірге «Мемлекеттің ашықтығы мен есеп беруі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі» атты диалогтық алаң өткізіледі.

Сағат 10.00-де Назарбаев орталығында әкімшілік құқық бойынша «Әкімшілік құқықта атқарушылық іс жүргізу» тақырыбында IX халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Сағат 11.30-да Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Алоизио Нунеса Феррейраның Қазақстан Республикасына сапары өтеді.

Сағат 11.30-да Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М. Ерман бастаған Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ұлттық ғарыш орталығына барады. 

Сағат 15.00-де «Үкімет үйінде» «Баламалы қуат көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сатылымдардың қорытындысы» атты баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 15.15-те «Көрме» кешенінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік турасында дөңгелек үстел өткізіледі.

Сағат 16.00-де «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында #NurOtanTalks кезекті конференциясы өткізіледі.

Сағат 16.00-де ҚР Ұлттық музейінде ашылатын «Мемлекеттің құрылуы. ІХ-ХХІ  ғасырлардағы Латвия сәулеті. Латвияның танымал жерлері мен нышандары» көрмесі ашылады.

Сағат 19:00-де «Qazaqstan» орталық концерт залында эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста концерт өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Алматыдағы Бүкіләлемдік банкінің кеңсесінде Бүкіләлемдік банк Тобының Doing Business 2019 есебінің таныстырылымы өтеді.

Сағат 11.30-да Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының Наурызбай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында қоғамдық тыңдауда Көк-Жайлаудың келешегі талқыланады. Жиынға экологтар мен заңгерлер, экономистер мен тілшілер қатысады.

Сағат 14.00-де Алматы энергетика және байланыс университетінде жас мамандардың «Жас Өркен» атты бағдарламасының таныстырылымы өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында Халық қаһарманы, Кеңес одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған кеш өтеді.

Сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде баспасөз туры ұйымдастырылады.

Сағат 18:30-да «MOSKVA metropolitan» ОСО-да вестерн жанрына арналған «Саташ» көркем фильмінің тұсаукесері өткізіледі.

Қостанай облысында Мәжіліс комитетінің агроөнеркәсіптік салаға қатысты көшпелі отырысы өтеді

ҚОСТАНАЙ

Сағат 12.00-де Облыстық филармония ғимаратында Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтеді. Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланатын болады. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдар мен ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер қатысады деп жоспарланған.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласпаевтың қатысуымен «2018 жылдың күзгі егін жинау науқанының қорытындылары» тақырыбында брифинг өтеді.

ТҮРКІСТАН

Сағат 08.00-де Бəйдібек ауданының 90 жылдығына орай мерекелік шаралар ұйымдастырылып, облыс əкімінің қатысуымен бірқатар əлеуметтік нысандар тапсырылады деп күтілуде.