«Бізде шамамен 5 миллион жеке тұлғада банк несиелері бар. Олардың 1 миллионында берешек 90 күннен асып кеткен. Банктердің ссудалық порфелінің 20 пайызы жеке тұлғаларға тиесілі. Бұл негізінен ипотека мен тұтынушылық несиелер», - дейді О.Смоляков.
Оның сөзіне қарағанда, жеке тұлғаларға берілген несиелердің 85 пайызы ешқандай кепілдікпен қамтамасыз етілмеген. Кепілдіктің болмауы қарызды талап етудің қиындығына байланысты. Оның үстіне, банктерден несие алуға келген қарыз алушылардың 64 пайызы өзінің тұрғылықты жері мен қаржылық қабілеттері туралы ақпаратты жасырады. О.Смоляковтің пікірінше, бұл халықтың несиелік мәдениеті төмен деңгейде қалып отырғандығын білдіреді.
Айта кетейік, қазір Парламент Мәжілісінде Ұлттық банк өкілдерінің қатысуымен «коллекторлық қызмет» туралы заң жобасы талқылануда.