Қазақстанда 1 млн теңгенің жалған купюралары тәркіленді
«Алты айдың ішінде 571 дана жалған теңгенің купюралары анықталды. Ол ақшаның жалпы сомасы 986 600 теңгені құрады. Бұдан бөлек, 3 700 АҚШ долларын құрайтын 37 купюра, 1 200 еуроның 3 купюрасы және 12 020 рубльдың 9 купюрасы тәркіленді», - Экономикалық тергеулер департаментінің профилактикалық жұмыс және бақылау бөлімінің бастығы Арман Есембаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жартыжылда 28 заңсыз алкоголь цехтары да анықталды. Барлығы 1 млн 729 мың бөтелке арақ тәркіленді. Сондай-ақ жүздеген электрондық казино терминалдары анықталды.
Айта кетейік, соңғы алты айдың ішінде экономикалық қылмыстар бойынша мемлекетке келген шығын 151,5 млрд теңгені құрады. Аталған қаржының бәрі әлеуметтік бағдарламаларға арналған болатын. Ол ақшаға шамамен 70 мектеп салуға болады. Мәселен, шымкенттік шенеуніктер бюджет ақшасын жымқырудың тағы бір жолын тапты. Ал, қаржы пирамидаларынан қазақстандықтар 11 млн теңге шығын көрген.