АСТАНА
10.00-де Астанадағы Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған мереке өтеді.
10.00-де №1 өнер мектебінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Білім басқармасымен бірлесе отырып, оқушылар мен студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімін жетілдіру мақсатында "Мен әділдікті сүйемін" ұранымен суреттер мен шығармалар байқауын өткізеді.
11.00-де ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде атап өткен бастамаларын қолдау мақсатында ҚР Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитеті кезектен тыс кеңейтілген отырыс өткізеді.
11.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу қорытындысы туралы брифинг өтеді.
11.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Алғыс айту» күніне орай өтетін «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік шара өтеді.
11.00-де «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай партия мүшелігіне қабылдау рәсімі өтеді.
12.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйінде» «Алғыс айту күні» мерекесіне арналған шара өтеді.
12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Алғыс айту күніне арналған баспасөз маслихаты өтеді.
14.30-да Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен 2019 жылы іске асырылатын міндеттер туралы кеңейтілген алқа мәжілісін өткізеді.
16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиыны өтеді.
АЛМАТЫ
11.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтеді. Оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаев, қалалық мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері және басқа да қонақтар қатысады.
11.00-де «Қазақфильм» киностудиясында «Қасымхан» тарихи сериалына кастинг өтеді. Сериал ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсіріледі.
15.00-де Литва Республикасымен ынтымақтастықты нығайту аясында Қазақ ұлттық медициналық университетінде Литва Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған фотограф және баспагер Марюс Йовайштың фотокөрмесі өтеді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
11.00-де Көкшетау қаласындағы Неке сарайында «Ұлы Дала жастары» тақырыбында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің облыс жастарымен кездесуі өтеді.