Қазақстанда 1-ші жарты жылдықтағы тұрғын үй саудасы 21,2 % өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында тұрғын үй саудасы 144 299-ды құрап, 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 21,2% өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ретте биылғы жылдың маусымында тұрғын үй саласында тіркелген сауда-саттық келісімдерінің саны 29 543-ті құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 7,4%.