Қазақстанда 1 тамыз күні өтетін маңызды оқиғаларға шолу

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 1 тамыз күні өтетін маңызды оқиғалар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтанқаласының әкімдігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, ҚРПрезиденті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатжөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Жанұялар форумын өткізеді.

Сағат 11.00-де «Үкімет үйінде» «ҚазақстанРеспубилкасының Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған жолкартасы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16.20-даОрталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылына дайындық барысына арналғанбаспасөз конференциясы басталады. Спикер – ҚР Басмемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де Гүлдала кентінде Қазақстанұйғырларының республикалық этномәдени орталығы аз қамтылған 8 жанұяға жаңа салынған үйлердің кілтін табыстайды.

Сағат 12.00-де «Business Hotel Almaty» қонақүйіндетриатлоннан Азия Кубогына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Аталмыш жарысАлматы қаласында осымен екінші рет өткелі отыр.

Соңғы жаңалықтар