Қазақстанда 1 жасқа дейінгі сәби шетінеуі 8 пайызға кеміді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 1 жасқа дейінгі сәби шетінеуі 8 пайызға кеміді. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«1 жасқа дейінгі нәресте шетінеуі көрсеткіші 8 пайызға азайды», - деді Ә.Смайылов.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылдың қаңтар-сәуірінде республикада 1 жасқа дейінгі 1429 нәресте шетінеген. Сәбилердің шетінеуіне перинаталды кезеңде туындайтын жағдайлар басты себеп болып отыр. Осы себептермен осы жылдың 4 айында 766 бала көз жұмған.

Ал туа біткен ауытқулардан 283, тыныс органдары ауруларынан 119 және жазатайым жағдайдан, улану мен жарақаттан 67 бала қайтыс болған.