«Отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киік ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қазір қыс кезінде далада жүру қиындады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап киіктердің санын реттеу процесін тоқтаттық», - деді Е. Нысанбаев.
Оның айтуынша, киік аулау жұмыстары келесі жылы жалғасады.
«Былтырғы тәжірибені ескере отырып, биыл егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі. Алдын ала есептеу бойынша шамамен 40 пайыз өсім болды. Жалпы, былтырғы өсімді есепке алғанда төлдейтін уақытта шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Тіпті пессимистік жағдайда да биыл өсім байқалады», - деді министр.