Шамамен 50 қазақстандық жоғары оқу орны Өзбекстанда болып жатқан білім көрмесіне қатысуда. Университет өкілдері әлеуетті студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесуде.
Қазіргі таңда Қазақстанда Өзбекстанның 10 мыңға жуық азаматы жоғары білім алып жатыр. Білім көрмелері Ташкент қаласында өтіп кетті. Сондай-ақ олар Самарқанд, Қаршы, Бұқара және Нүкіс қалаларында өтетін болады. Көрмеге шамамен 25 мың адам қатысады.