АСТАНА. Сағат 11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік жекешелік серіктестік. Жоспарлар және перспективалар» тақырыбында брифинг өтеді.
Сағат 12:20-де баспа, радио және интернет журналистика саласындағы ұлттық «Үркер» сыйлығына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 15:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және мұрағат саласындағы заңды шығармашылық қызметіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
16:20-де «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің биылғы жылдың 1-ші тоқсанындағы жұмысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады.
АЛМАТЫ. Сағат 17:00-де Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында «Париж классигі» сазды вернисаж өтеді. Халықаралық байқаулардың лауреаты пианист-виртуоз Максим Зекин Массне, Равеля, Верди, Шульгоф, Беллини және өзге де танымал композиторлардың туындаларын орындайды. Концертті Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі мен Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы және Алматыдағы Француз Альянсы ұйымдастырып отыр.
ӨСКЕМЕН. Сағат 10:00-де Өскемендегі №1 балалардың музыкалық мектебінің ғимаратында балалар мен жасөспірімдердің халықаралық Burabay Summer Fest атты телевизиялық фестивалі өтеді.