Қазақстанда 10 жылдың ішінде студенттер контингенті 170 пайызға өсті - Б. Жұмағұлов
Бұл туралы бүгін Үкіметте техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде сапаны арттырудың іс-қимыл жоспарын таныстыру кезінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, әлем бойынша жоғары білім алушылардың саны жыл сайын арта түсуде. Жоғары білімді кадрлар даярлау жылына 6 пайыз көрсеткішпен қарқынды дамып келеді. 10 жылда жоғары білім алушылардың саны 65 пайызға немесе 65 миллион адамға өскен. Атап айтқанда бұл әлем бойынша қамтылған көрсеткіш.
«Дегенмен әлемдік срапшылардың деректеріне сенсек, жоғары білімді жаппай беру білім сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ал дамушы елдерде жұмыссыздық көбеюі мүмкін», деді министр.
«Біздің ахуалмен салыстырғанда, Қазақстан көрсетілген қарқыннан айтарлықтай алда келе жатыр. 1997 - 2007 жылдар аралығында студенттер контингенті 170 пайызға өсті»,- деп атап өтті ол.
Студенттер саны бойынша, яғни халықтың 10 мың тұрғынына шаққанда Қазақстан, Германия, Жапония, Ұлыбритания елдерінен алда тұр, сондай ақ Норвегия, Канада мемлекеттерімен қатар келе жатыр. Тек қана АҚШ, Ресей, Финляндия елдерінен ғана кейін тұр. Министрдің пайымдауынша, экономикалық ахуал тұрғысында Қазақстандағы студенттер саны қазіргі кезеңде тым жоғары бағалануда.