Қазақстанда 100-ден астам шай мен жаңа қуырылған 20-дан астам кофе түрлерін ұсынатын әлемде баламасы жоқ кофетерийлер жұмыс жасауда
«Біздің басты ерекшелігіміз - таңдаудың алуан түрлілігінде. Әлемде әлі күнде дейін өз клиенттеріне 100-ден астам шай түрі мен 20-дан астам кофе плантацияларынан әкелінген жаңадан қуырылған кофе ұсынатын бірде-бір кофетерий жоқ. Қазір Алматыда - 2, Астанада -1 кофетерий жұмыс жасауда. Астанада біз оны франчайзинг арқылы 3 жыл бұрын ашқанбыз», - дейді И.Найженова. Қазақстанда өндірілген экологиялық жағынан таза ұн мен сүт өнімдерін пайдаланатын олардың бірегей өнімдерінің дәмін татқан шайқорлар мен кофе тұтынушылары тұрақты клиентке айнала бастаған. Тіпті онда бір рет болған шетелдіктер Қазақстанға келгенде мұнда міндетті түрде бір бас сұғып кетуді әдетке айналдыра бастаған көрінеді.
Ирина Найженованың сөзіне қарағанда: «Бұл бизнеске қызығушылар көп. Отандастарымыздың көп жағдайда өз ісін бастауына қаржы мәселесі қолбайлау болуда. Сондықтан біз «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан көмек сұрап отырмыз. Қазақстандық франчайзинг өз елімізде дамып, шет елдерге де таралу үшін. Жалпы франчайзинг құны 30 мың долларға бағаланғанымен, талап бойынша оны иеленушіде кемінде 90 шаршы метрлік сауда алаңы. Сондай-ақ жобаға инвестиция жасау үшін 80-100 мың доллар көлемінде айналым қаражаты болу керек. Бұл қажетті құрал-жабдықтар мен ассортименті сақтау үшін қажет.Өйткені мұнда қызмет пен өнім сапасына айрықша мән беріледі».