Қазақстанда 100-ге жуық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылға дейін Қазақстанда 100-ге тарта дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен 2022 жылға қарай Қазақстанда 100-ге жуық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады», - деді ол.

Серік Сәпиевтің айтуына қарағанда, әрбір аймақта шамамен 4-5 кешен бой көтереді.

«Қарапайым қазақстандықтарға, біздің елдің азаматтарына спорттық нысандар қолжетімді болуы керек. Ел басшылығының түпкілікті мақсаты - халықтың өмір сапасын арттыру», - дейді Серік Сәпиев.