«Жылдың басынан азық-түлік қауіпсіздігін бақылау мақсатында эпидемиологиялық қадағалау органдары 100 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері сатылымнан алып, жойды. Оның ішінде сүт өнімдері - 43 тонна, сусындар - 21 тонна, ет өнімдері - 14 тонна және кондитерлік өнімдер - 10 тонна», - деді А.Есмағамбетова.
Сонымен қатар ол жіті ішек инфекцияларымен сырқаттануды ақпараттандыру және алдын алу деңгейін арттыру мақсатында барлық өңірлерде акциялар жүргізіліп жатқанын, оның барысында сатып алынған азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін тестілеуге болатынын атап өтті.
Айта кету керек, аталған зерттеулер тегін негізде өткізіліп, 30 қалада және 139 елді мекенде 200-ден астам азық-түлік базары, 93 ірі сауда нысандары, 12 жәрмеңке және 89 сауда нысандары қамтылды.
Эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшысының орынбасары акциялар тұрақты түрде жаз-күз мезгілінде өткізіліп тұратынын айтты.