«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының дерегіне сәйкес, әйелдер арасында еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер — 106 жаста, ол Шымкент қаласында, отбасының ортасында өмір сүріп жатыр.
— Ал Алматы қаласында тұратын 104 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик атамыз — ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер саналады, — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Олардың 64%-ы әйелдер, ал 36%-ы ер адамдар.
Бұған дейін Атырауда 90 жастағы қария туған ұлынан зорлық-зомбылық көргенін жазғанбыз.