Қазақстанда 11 ақпанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 11 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынды.

АСТАНА

Сағат 10.00-де «Nursaulet-2» бизнес-орталығында Республикалық денсаулық сақтау саласын дамыту орталығы 2018 жылы Қазақстанда медициналық ұйымдарды аккредиттеу қорытындысын шығарады.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Астана хабының халықаралық технопаркінде «Жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» IT-таныстырылымын өткізеді.

Сағат 15.00-де Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен «2018 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы және Министрліктің 2019 жылға дейінгі даму перспективалары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарындағы кең ауқымды мәселелер бойынша Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкин, университет оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ сарапшылар кездеседі.

АЛМАТЫ

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз-клубында «Қазақтелеком» АҚ миноритарлы акционерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылуына орай «Ауғанстан менің жүрегімнің жарасы» атты көрме басталады.