Қазақстанда 12 маусым күні өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА
Сағат 9.30-да ұлттық биотехнологиялық орталығында Астананың 20 жылдығына байланысты «Астана Биотех 2018» халықаралық симпозиумі өтеді.
10.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2018 жылдың 5 айындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің орындалуы қаралады.
10.00-де Астана қаласы әділет департаменті Сарыарқа аудандық №8 бөлімінде тұрғындарға тегін заңнамалық тұрғыда кеңес береді.
11.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары М.Әшімбаев диабетпен ауыратын балалардың ата-аналарымен кездеседі.
15.00-де Сенатта мемлекеттік жер кадастрін үлестіру мен жерді пайдалану және қорғаудың мемлекеттік бақылау жағдайы мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі басшылығының кездесуі өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де Эверестті екі мәрте бағындырған атақты қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаевтың баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де Қазақстандық баспасөз клубында «Қазақстандағы құрылыс үлескерлерінің проблемалық сұрақтары қаншалықты шешіліп жатыр?» тақырыбында баспасөз мәсихаты өтеді.
12.00-де Назарбаев даңғылында жыл сайынғы халықаралық Star of Asia Almaty.kz музыкалық фестивалі ұйымдастырылады.
14.00-де Қазақстандық баспасөз клубында қолданыстағы ҚР «Білім туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
9.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне «Әдеп жөніндегі кеңес жұмысы» бойынша кәсіби-бағдарлық жұмыс жүргізу мақсатында мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырылады.