«Республиканың барлық аймақтарында жаңа өнімді жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер 12320,4 мың га жинаған, ол облыстардың егін жинау алаңының 78,2%-ын құрайды», - деп айтылған хабарламада.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта 15,6 млн. тонна астық бастырылған, мұнда орташа астық өнімділігі 1 гектардан 12,7 центнерді құрап отыр. 2012 жылы орташа астық өнімділігі гектарынан 8,4 центнер болғанын атап айтқан жөн.