«Зейнетақы алушылар саны бойынша бізде екі көрсеткіштің бар екенін ескерген жөн. Бірінші көрсеткіш - базалық зейнетақы алатындар, олардың саны бүгінде 2 млн 139 мыңды құрайды. Екінші көрсеткіш - ынтымақтастырылған зейнетақы алатын 2 млн 127 мың адам", - деді вице-министр.
С.Жақыпова екі көрсеткіш арасындағы айырмашылық себебін түсіндіріп берді.
«Себебі, олардың арасында еңбек өтілі жоқ, базалық зейнетақы ғана тағайындалған қарттар бар. Яғни, 2 млн 139 мың және 2 млн 127 мың адамның арасындағы айырмашылық осы - еңбек өтілі атымен жоқ 12 мың адам", - деп түсіндірді ол.