Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, 1 шілдеге дейін 30 вокзал пайдалануға беріледі.
– Сонымен қатар жолаушылар вагондары жаңартылып жатыр. Былтыр 175 жаңа вагон сатып алынды. Биыл тағы 191 вагон алу жоспарлануда. 2030 жылға дейін жолаушылар вагондарының 90 пайызы жаңартылады. Бұл негізгі туристік бағыттарды толық қамтуға мүмкіндік береді, - деді Көлік министрі бүгінгі Үкімет отырысында.
Айта кетейік, Қазақстанның туристік орындарына апаратын жолдар жөндеуден өтіп жатыр. Биыл Алматы-Өскемен жолындағы жұмыстар аяқталып, жол жүру уақыты 4 сағатқа қысқарған.