АСТАНА
9.30-да «Sаn Marino» қонақ үйінің мәжіліс залында Республикалық «Кансонар» аңшылар мен аң шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының отырысы өтеді.
10.00-де Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев азаматтарды жеке қабылдайды.
10.00-де Мәжілістің жалпы отырысы басталады.
10.30-да күннің күрт жылуы мен қардың еруіне байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті су басу қаупінің алдын алу мақсатында көшпелі брифинг өткізеді.
12.00-де «Көрме» орталығында 14 халықаралық арнайы мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі - AgriTek/FarmTek Astana - 2019 өтеді.
12.30-да шахматтан командалық әлем чемпионаты аясында танымал шахматшы, Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, түрлі халықаралық турнирлердің жеңімпазы Дәрмен Сәдуақасов Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындарының қызметкерлерімен бір мезеттегі ойын сеансын өткізеді.
15.00-те Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Болашақ» корпоративтік қорының «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған Disney компаниясының 5 жаңа фильмінің тұсаукесері жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ирак ашық аспан астында: қазақстандық және польшалық бітімгер әскерлер» атты халықаралық көшпелі фотокөрме ашылады.
17.00-де Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні» шарасы өтеді. Шара ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың тікелей қатысуымен өтпек.
17.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінде халық ақыны, қазақтың әншілік-жыршылық өнерінің көрнекті өкілі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуына арналған «Алатаудың ақиығы» атты көрме ашылады.
АЛМАТЫ
9.30-да «The Ritz-Carlton Almaty» қонақ үйінде екінші Visa Cashless Summit өтеді.
11.00-де Алматы қаласы Әділет департаментінің ғимаратында соттық жүктемені оңтайландыру, меншік құқығы мен арбитражды қорғауды күшейту жөнінде брифинг өтеді.
14.30-да Almaty Towers бизнес-орталығында Қазақстандық қор биржасы Қазақстанның биржа нарығының жұмысы туралы дәстүрлі медиа-брифинг өткізеді.
15.00-де «Арман» кинотеатрында кинорежиссер, продюсер және жазушы Питер Берман мен ҚР еңбек сіңірген әртісі Геннадий Балаевтың қатысуымен «Ережесіз жекпе-жек» аудиокітабының таныстырылымы өтеді.
ТҮРКІСТАН
Сағат 11:00-де Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының және БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу (БШАЫЖ) білім беру ресурстық орталығының ашылуы өтеді.