Қазақстанда 13 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 13 тамыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде 2019 жылдыңқаңтар-шілде айлары аралығындағы Қазақстан Республикасыныңәлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджетінің орындалуы, жаңа2019-2020 оқу жылының басталуына дайындық барысы туралы айтылады.

Сағат10.00-де АХҚО Бюросында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Астана»Халықаралық қаржы орталығының Бюросымен және ҚР Ішкі аудиторлар институтыменбірлесіп халықаралық сарапшы Анжела Вицанидің қатысуымен Ішкі адиторлардыңұлттық конференциясын өткізеді.

Сағат11.00-де «Парасат» БО-да Қазақстанның Сүт одағы қайта өңдеу кәсіпорындарынатүсетін шикі сүттің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарынасәйкестігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасына қол қою туралы баспасөзконференциясын өткізеді.

Сағат16.20 Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында «ҚР ҚММемлекеттік кірістер комитетінің 2019 жылдың І жарты жылдығындағы жұмыстыңқорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізіледі.

Сағат17.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттықтабиғи паркі» РММ, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММарасында экологиялық туризмді дамытуға бағытталған бірқатар келісімдерге қолқою рәсімі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстандағықаржы пирамидаларына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөзконференциясының тақырыбы – «қаржы пирамидаларын құруда Қазақстанның тартымдылығы».