АСТАНА
Сағат 8.30-да «Нұр Әлем» павильонында Мемлекет Басшысы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында сауда-саттықты іске қосу салтанатты рәсімі өтеді.
Сағат 8.30-да Конгресс-орталығында «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында «Нұр Отан» партиясының Төрағасының Бірінші орынбасары М. С. Әшімбаевтің қатысуымен «Республикалық Бастауыш партия ұйымдарының форумы» өтеді.
Сағат 09.00-де «Рэдиссон-Астана» қонақ үйінде Қазақстанның экологиялық бағалау жүйесін жетілдіру тақырыбында дөңгелек үстел басталады.
Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
Сағат 10.00-де «Park Inn» қонақүйінде «Интеграциялық және жаңғырту процесстері жағдайында адам капиталын дамыту» атты халықаралық ғылыми конференциясын басталады.
Сағат 11.00-де «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимаратының «Б» блогының (3-қабат) Акт залында латын қарпінде алғашқы жалпыхалықтық диктант өтеді.
Сағат 12.00-де Ұлттық музейде ҚР ұлттық валютасының 25 жылдығына орай «Теңге - мемлекет келбеті» тақырыбында ашық сабақ өткізіледі.
Сағат 14.00-де «Спутник Қазақстан» баспасөз орталығында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымымен бірге жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер күніне орай баспасөз мәслихатын өткізеді.
Сағат 15.00-де «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде «Қазақстан халқының арасында ағылшын тілін меңгеру дағдысын жетілдіру бойынша бастамалар және ағылшын тілін меңгеру индексі» атты конференция өткізіледі.
АЛМАТЫ
Сағат 10.30-да Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында «Қазақстан мүгедектері ұйымдарының одағы» мен «Алматы» Әйелдер клбуы» «Игі істер» айлығы аясында «Әкемнің қолынан бәрі келеді» сайысын өткізеді.
Сағат 14.00-де Қазақстан Баспасөз орталығында «Пластикалық, реконструктивті және эстетикалық хирургтар» қоғамдық бірлестігінің баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 15.00-де «Kinopark 11 IMAX» ( Esentai) кинотеатрында Фархат Шәріповтың «Тренинг личностного роста» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді.
Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кіпатханасында ақын, белгілі әндердің авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болған Нутфолла Шәкеновты еске алу кеші басталады.
Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасы Өнер залында Қазақстанның халық әртісі Әсет Бейсеуовтың 80 жылдығына арналған кеш өтеді.
Сағат 16.00-де «KIMEP University»-де «Заңды қалай жазу керек және оны қалай бұзбау керек?» тақырыбында шара өткізіледі. Шараның ұйымдастырушылары - «ZZangerKerek.kz порталы.
ТҮРКІСТАН
Сағат 10:00-да Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облыстық соты брифинг өткізеді. Баспасөз мәслихатында сот жүйесіндегі жаңалықтар мен статистикалық мәліметтер баяндалады.
Сағат 12.00-де облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың өңірдегі белсенді жастармен бейресми кездесуі өтеді.
Сағат 17.00-де облыс орталығында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалы ашылады.
Сағат 17.30-да Мәдениет сарайында «Махаббат мұнарасы» мюзиклының тұсаукесері өтеді.
АҚТӨБЕ
Сағат 10.30-да ҚР Президенті кеңсесінің бастығы - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің профессор-оқытушылар құрамымен және жастар активімен кездеседі.
Сағат 12.00-де облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жаңа ғимараты мен «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі ашылады.
Сағат 19.00-де Өнер орталығында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің мерекелік концерті өтеді.