Қазақстанда 14 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 14 тамыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де НазарбаевУниверситетінде өтетін Гарвард жобасының Азиялық конференциясына (HarvardCollege Project for Asian and International Relations Asia Conference 2019)дайындалу барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласыәкімдігінің «Астана ветсервис» ШЖҚ КМК-да қылмыстық құқық бұзушылықтың алдыналу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланады.

Сағат 10.30-17.00 аралығында Rixos President Astana HotelҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «JOB FAIR-2019»бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Сағат 11.00-де «Зүбәржат орамы»«Б» блогы «Атамекен» баспасөз орталығында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлерпалатасының бастамасымен «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы және «Жасылэкономика үшін» және G-Global-ды дамыту коалициясы бірлесіп, «ҚАМҚОР GREEN» –Қазақстанның теміржол саласын экологиялық қайта жаңарту» бағдарламасын іскеқосу туралы баспасөз конференциясын өткізеді.

Сағат 14.30-да «ЭКСПО» конгрессорталықта салық төлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен БАҚөкілдері үшін конференция өткізіледі. Конференция тақырыбы: «ҚазақстанРеспубликасындағы салықтық және кедендік әкімшілендіру».

Сағат 15.00-де Үкімет үйіндеҚаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтың қатысуымен «Мемлекеттік сатып алудыөткізу және квазигоссекторды сатып алу рәсімін жетілдіру шаралары туралы»тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.30-да елорда әкімдігінде«Қарапайым заттар экономикасы» атты жеңілдетілген бағдарламасын талқылауғаарналған брифинг өтеді.