Қазақстанда 140 қалааралық автобус рейстеріне электрондық билеттер сатыла бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «AparuBus» автобус рейстеріне электрондық билеттер сатудың бірыңғай жүйесінің бірінші кезеңі іске қосылды.

Технологияларды коммерцияландыру орталығының (ТКО) баспасөз қызметі хабарлағандай, енді жолаушылар билет сатып алу үшін вокзалға барып, ұзақ кезекте тұрмайды. Олар билетті aparubus.kz сайты немесе агенттік кассаларынан сатып ала алады.

Бүгінде «AparuBus» жобасының бірінші кезеңіне Астана мен Өскемен қалаларының автовокзалы қосылды. Электрондық билеттерді сату 41 бағыт бойынша 140 автобус рейстеріне ашылды.

Автобус көлігі республиканың елді мекендерінің 85-тен астам пайызын байланыстырады. Алайда, бүгінгі күнге дейін билетті автовокзал кассасында немесе кері билетті сатып алу мүмкіндігінсіз тек рейстерге автостансада сатып алуға болатын.

«AparuBus» - жаңа енгізілген жүйе толықтай отандық әзірлеме. 2014 жылы БҒМ ТКО Қазақстанда «AparuBus» бағдарламасын дамытуға 18,1 млн теңге көлемінде грант бөлді. Жобаның басты мақсаты - республиканың барлық аумағында электрондық билеттерді сатудың бірыңғай жүйесін құру. Ол жолаушыларға тура және кері бағытта өзінің орналасқан жерінен тыс кез келген рейске электрондық билеттер сатып алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде технология авторлары рейстердің электрондық базасын ұлғайтуда. Билет сатудың жеңіл жүйесі бойынша жұмыс істеуге тілек білдірген барша тасымалдаушылар мен касса агенттіктері өкілдерімен келіссөздер жүргізуде.

«Жаңа технологияның артықшылығын жолаушылар да, тасымалдаушылар да атап өтуде. Мысалы, бағдарлама сатылған билеттерді қайтаруға мүмкіндік береді. Тасымалдаушылар билеттерді сатуға, маркетингтік саясатты айқындауға мүмкіндік алады», - деп атап өтті «ТКО» ЖШС бас директоры Дамир Егізбаев.