Қазақстанда 140 ұлт пен 46 діни қауымдастық келісім мен достықта өмір сүріп жатыр - Н.Назарбаев

None
СТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстанда 140 ұлт пен 46 діни қауымдастық келісім мен достықта өмір сүріп жатыр. Бұл туралы жұма күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуында сөз алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Негізгі Заңда барлық қазақстандықтарға жақын ортақ құндылықтар мен түсініктер нақты заңдық тұрғыда көрініс тапқан. Бұл - 140 этнос пен 46 діни қауымдастықтың келісім мен достықта өмір сүріп жатқан, қазақ жерінің біртұтастығы, қасиеттілігі және қол сұғылмаушылығы. Бұл - азаматтарды жынысына, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дініне және өзге де белгілері бойынша кемсітушілікке қатаң тыйым салу. Осының негізінде конституциялық қағидаттардың басты негізі - бейбітшілік пен тұрақтылық, барлық халықтың игілігі үшін экономикалық даму қамтамасыз етіледі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент бейбітшілік пен тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму сияқты ең басты конституциялық мақсаттар осы негізде қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.