«Негізгі Заңда барлық қазақстандықтарға жақын ортақ құндылықтар мен түсініктер нақты заңдық тұрғыда көрініс тапқан. Бұл - 140 этнос пен 46 діни қауымдастықтың келісім мен достықта өмір сүріп жатқан, қазақ жерінің біртұтастығы, қасиеттілігі және қол сұғылмаушылығы. Бұл - азаматтарды жынысына, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дініне және өзге де белгілері бойынша кемсітушілікке қатаң тыйым салу. Осының негізінде конституциялық қағидаттардың басты негізі - бейбітшілік пен тұрақтылық, барлық халықтың игілігі үшін экономикалық даму қамтамасыз етіледі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент бейбітшілік пен тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму сияқты ең басты конституциялық мақсаттар осы негізде қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.