Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес атқарылып отыр.
Кешенді шаралар Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың, соның ішінде құқық қорғау құрылымдарының және «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасы комиссиясы мүшелерінің белсенді қатысуымен қолға алынып келеді.
– 14,8 млн гектар жердің 10,8 млн гектары қайта бөлінді, оның ішінде 6,7 млн гектары конкурс негізінде берілді, ал 4,1 млн гектары ортақ пайдалану жерлері ретінде бекітілді. Бұдан бөлек, бұрын пайдаланылмаған 5,2 млн гектар жер тиісті шаралар қабылданғаннан кейін шаруашылық айналымға берілді, – деп атап өтті Мұрат Теміржанов.
Жалпы жер ресурстарын ұтымды пайдалану барысына жүргізілген бақылау шеңберінде 7 100-ден астам тексеру жүргізіліп, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 5 300-ден астам нұсқама берілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, қолға алынған жұмыстар жер ресурстарын тиімді пайдалануды арттыруға, оларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуге және экономикалық айналымға тартуға бағытталған.
Айта кетейік, Алматы прокуратурасы Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімін мемлекетке қайтарды.