АСТАНА
Сағат 9.00-де Жоғарғы сотта «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін атқару сапасын жетілдірудің өзекті мәселелері» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Сағат 9.00-де Hilton Astana отелінде Еуроодақ қаржыландырып, Интерньюс жүзеге асырып жатқан «Медиа сауаттылықты және аймақтық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру жолымен Орталық Азияда тұрақтылық пен бейбітшілікке септесу» жобасы ресми ашылады.
Сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкіметтің мәжілісі өтеді.
Сағат 11.00-де Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінде «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт аясында ақпараттың құпиялылығын сақтауды өзара қамтамасыз ету жөніндегі 2004 жылғы 18 маусымдағы келісіміне өзгертулер енгізу туралы хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырыс өтеді.
Сағат 11.00-де «Астана» медицина университетінде ауыз суды тұтыну мәдениеті бойынша «Таза су өмірді ұзартады» атты ақпараттық-ағартушылық жобасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Батыс жауһарлары» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Сағат 14.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында академик Зәки Ахметовтың 90 жылдығына арналған «Қазақ әдебиеті мен әдебиеттануының рухани жаңғырудағы орны мен рөлі» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен және Түркияның Қазақстандағы Елшілігі, сонымен қатар ҚР Ұлттық музейінің қолдауымен өтетін «Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» атты көрмесі өтеді.
Сағат 15.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана қаласы бойынша департаментінде медицина мекемелерінде материалдық сыйақы үшін 086 үлгісіндегі жалған медициналық анықтамалар берудің деректері анықталуына байланысты соған талдау жасау мақсатында баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен әзірленген «Qazaq Latyn Keyboard» мобильдік қосымшасы мен «RESMIHAT.KZ» веб-сайтының тұсаукесер рәсіміне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде еліміздегі Болгария Республикасының Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырған «Еуропа тарихындағы болгар мәдени мұрасы. Әріптер жарығы» атты фотокөрме салтанатты түрде ашылады.
Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтық қоғам келешегі. Жаңа азаматтық белсенділік» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
«Rixos President Astana» қонакүйінде Астана процесі аясында Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі 9-шы халықаралық кездесу аясында пленарлық отырыс болады.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мәжіліс залында осы ЖОО мен SANTO компаниясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі болады.
Сағат 11.00-де Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде шаһардың бас имамы Еркінбек Шоқаевтың қатысуымен Рамазан айының қадір-қасиеті жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 11.00-де Алматы музейінде «Жетісу ХХ ғасыр басында: Алмаши Дьердидің архивінен» атты фотокөрме ашылады.
Сағат 15.00-де Е.Тұрсыновтың киноклубында Қазақстанның халық әртісі Құддыс Қожамияровтың 100 жылдығына арналған еске алу шарасы өтеді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Сағат 15.00-де Бурабайда «Бурабай Даму» визит-орталығында кенттің тарихи-өлкетану музейі ашылады.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сағат 11.00-де ОҚО кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Кеңесте кәсіпкерлерге агроөнеркәсіптік даму бағдарламалары аясында несие беру бойынша қаржы институттары тарапынан туындаған кедергілер туралы мәселелер қаралады.
Сондай-ақ ертең Шымкент қаласының алғашқы арбаты ашылады.