АСТАНА
Сағат 09:45-те ҚСЗИ-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының 25 жылдығына арналған «Жаңғыртудың ұлттық стратегиялары: жетістіктері мен келешегі» атты халықаралық конференциясы өтеді.
Сағат 10.00-де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы басталады.
Сағат 10.00-де ҚазҰАУ-да ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
Сағат 10-00-де «Park Inn by Radisson Astana»-да жылыту маусымы және тиімділік стратегиясы жайында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 10:30-да Орталық саябақта «Сенің жаңа қырың» спорттық челленджін қолдау мақсатында жастардың «Astanа SPORT DAY 2018» спорттық марафоны өтеді.
Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы азаматтық қоғам дамуының перспективалары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 14.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің халыққа есеп беру қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер ретінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысады.
Сағат 15:00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде министр Елжан Біртановтың төрағалығымен Медицина қызметкерлері күні құрметіне салтанатты шара өтеді.
Сағат 15.00-де Мәдениет және спорт министрлігінде ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі жөнінде баспасөз мәслихаты болады. Фестиваль маусымның 16-сы мен 28-і аралығында ұйымдастырылады.
Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Елдің төрі - Елорда» атты құжаттық көрменің салтанаты ашылады.
Сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Астананың келешегі жайлы айтамыз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Сағат 15.00-де Тәуелсіздік сарайының баспасөз орталығында жақында ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Ұлттық домбыра күніне арналған баспасөз маслихаты өтеді.
Сағат 16:00-де Астана қаласының ҚАЖД ғимаратында ҚАЖК пробация қызметіне құрылғыларды тапсырудың салтанаты шарасы өтеді.
Сағат 16:00-де «Қазмедиа орталығында» ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің есептік кездесуі басталады.
Сағат 17.00-де «Сарыарқа» велотрегінде «Voice of Astana» Халықаралық музыкалық фестивалі басталады.
Сағат 18.00-де ЕХРО-2017 аумағындағы «Конгресс-орталығында» муайтайдан кәсіпқойлар арасындағы «Астана қаласы әкімінің кубогі» халықаралық турнирі өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 07:00-де Алматыдағы орталық мешітте жамағаттың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған «Асыл мұра» бағдарламасының жаңа маусымы басталады.
Сағат 09.30-да «Риксос» отелінде III Еуразиялық әйелдер бизнес-форум өтеді.
Сағат 15:00-де «SmArt.Point» коворкинг кеңістігінде Go Viral фестивалі ашылады.
Сағат 16:00-де Қазақстан Жазушылар одағында ақын, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтың 95 жылдығына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылады.
ШЫМКЕНТ
Сағат 10.00-де ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлер құрылтайын өткізгелі жатыр. Онда жастар инвесторларға, ірі кәсіпорындар мен билік органдары өкілдеріне өздерінің жұмыс істеп тұрған бизнес-жобаларын («PPillikan.kz�, «Chaplin», «Korizza», «Biletron», «Виртуальды коммерция», «Global coffee», «Beren Apparel», «Prospectus», «SCRUM Коворкинг-орталық») ұсынатын болады. Шараның өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, Жастар ресурстық орталығы (бұрынғы С.Сейфуллин кинотеатры).