Қазақстанда 15 наурызда қолайлы метеожағдай қалыптасады
07:30, 15 Наурыз 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- 15 наурыз күні Қазақстанда қолайлы метеожағдай қалыптастып, соған қарай ауа сапасы да дұрыс болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.