Қазақстанда 16 қарашада ауа сапасы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 16 қарашада еліміздің қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, 16 қарашада Қазақстанның көптеген қалаларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал