Қазақстанда 16 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 16 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде Қазақстан, Ұлыбритания, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің мәдениет саласының көшбасшыларына арналған креавтивті экономика бойынша «Креативті Орталық Азия» атты екінші форум басталады.

Сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Шала туған балалардың халықаралық күніне арналған Ашық есік күні өтеді. 

Сағат 09.00-де «Kazzhol» қонақ үйінде «Астана - Гастро 2018» ХIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

Сағат 10.00-де «Astana Marriott» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің жұмысы мен судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.

Сағат 12.00-де «Sputnik Қазақстан» баспасөз орталығында «Болашақ» корпоративті қоры «Аутизммен және өзге де ерекше қажеттілігі бар балаларды инклюзивті бағдарламамен қолдау мақсатындағы ХІ Қысқы Халықаралық бал-маскарад өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанда алғаш рет бизнес саласына қатысты «Негізін салушылар» - «Основатели» атты реалити-шоу жобасының іске қосылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 12.30-да «ҚазМұнайГаз» АҚ ғимаратында Аргентинада Жастар арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі.

Сағат 15.00-де Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында Астана қаласы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің 36-шы отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Әйел денсаулығы - ұлт денсаулығы» тақырыпта дөңгелек үстелді өткізуді жоспарлап отыр.

Сағат 16.00-де ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 466-шы отырысы өтеді.

Сағат 19.00-де  «Астана Балет» театрында дәсүрлі бетпердемен қойылатын корей би қойылымы өткізіледі.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де «Ритц-Карлтон» қонақ үйінде Қазақстан биржалық формуы өтеді. Форумның тақырыбы - «Экономиканың тұрақты дамуындағы қор биржасының рөлі».

Сағат 09.00-де IT- кварталда TechLaunch. Industry 4.0. кәсіби конференциясы басталады. Шараның басты мақсаты - Қазақстанда Индустриясын енгізу мен дамыту бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Сағат 12.00-де «Достық» спорт кешенінде грек-рим күресі бойынша «Болат Тұрлыханов Кубогын» өткізуге арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 12.00-де Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Халықтық тұтыну тауарларының бүгінгі жағдайы туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады. Спикер ретінде «Алматы сараптама» ЖШС директоры Мұхтархан Бияров сөйлейді.

Сағат 13.00-де «SmArt.Point» кеңселік кеңсесінде SAP UP. SAP UP әлеуметтік стартаптарының финалдық байқауы өткізіледі. SAP UP. SAP UP - Қазақстандағы, Ресей мен Армения, Беларусьтегі үздік әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

ШЫМКЕНТ

Сағат 10.00-де Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

ТҮРКІСТАН

16 қарашада облыс әкімі Ж.Түймебаев Мақтаарал мен Жетісай аудандарына арнайы жұмыс сапарымен барады деп күтілуде. Іссапар аясында аталған аудандардағы бірқатар елді мекендерге табиғи газ беріліп, 600 балаға шақталған мектеп ашылмақ. Сонымен бірге, қос ауданда «Алтын күз» мерекесі тойланып, біршама игі шаралар ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

КӨКШЕТАУ

Сағат 15.00-де Достық үйінде «Қоғамдық келісім» мекемесі «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарына құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара өткізіледі.